1600-ден астам жол жұмысшы жолдар мен тротуарлардың мұзын тазартады

1600-ден астам жол жұмысшы жолдар мен тротуарлардың мұзын тазартады

Астанада ауа райының құбылуы, әсіресе екпінді жел соғып, көктайғақ орнап тұр. Таңертеңнен бері 1600-ден астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сондай-ақ қаланың барлық ауданында – қоғамдық орындарда, кварталішілік аумақтарда, тротуарларда, аялдама павильондарында және т.б. орындарда құм-тұз қоспасын себу жұмысы жүргізілуде.

Оқыс жағдайға ұшырап, жарақат алмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қозғалыс ережелерін сақтауы керек.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астанада 5 желтоқсан күні қарлы боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп күтілуде.