Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды

Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды

Ауа райының күрт суытуына байланысты 2023 жылғы 5 желтоқсанда 0-11 сынып оқушылары мен бірінші ауысымдағы колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты білім басқармасына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 5 желтоқсан күні боран, көктайғақ, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді деп болжанып отыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.