
Астанада «Волонтер болу оңай» ұранымен қысқы мейірімділік апталығы аясында еріктілер белсенділігі апталығы өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Бүгін елордада волонтерлік ұйымдарды алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті. Біздің Қор волонтерлік қызметпен айналысады. Біз қарт адамдарға және ерекше қажеттіліктері бар қала тұрғындарына тегін тамақ тасымалдаймыз. Сондай-ақ, азық-түлік себеттері мен заттарына көмектесеміз, басқа әлеуметтік жобаларға белсенді қатысамыз. Әрине, біз осындай іс - шараға қатысқанымызға қуанамыз, өйткені бұл біздің еңбегіміздің лайықты бағасы», – деп бөлісті Астана қаласының «Истоки добра» қоғамдық қорының үйлестірушісі Динара Насыбуллина.
Іс-шараға «Астана еріктілері» ҚБ сияқты ұйымдар, LIDER.KZ, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеумен айналысатын «Клуб Добряков Астана» ҚҚ, ерекше қажеттіліктері бар қарт адамдарға, жалғызбасты аналарға атаулы көмек көрсететін «MikaSun» бастамашыл еріктілер тобы т.б қатысты.
Үздік еріктілер ұйымдары мен қайырымдылық қорларының басшылары алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ және «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ бірлесіп ұйымдастырды.