Көктайғақ: ТЖД астаналықтарға ескерту жасады

Көктайғақ: ТЖД астаналықтарға ескерту жасады

Астанада бүгін көктайғақ болады деп күтіліп отыр. Осыған байланысты қалалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 30 қараша күні ауа райының тұрақсыздығына, температураның өзгеруіне және қатты жауын-шашынға байланысты көктайғақ күтілетінін мәлім етті.

Астана әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін сақтық ережелерін сақтауды сұрайды.

Елордалық құтқарушылар қала тұрғындарынан далада жүргенде сақ болуды, төтенше жағдай туындағанда 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге қоңырау шалуды сұрайды. Әсіресе көшеден өтер кезде өте мұқият болуға, сондай-ақ мектеп оқушыларын көктайғақ кезінде сақтық ережелерін сақтауға шақырады.