Астана қаласында мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру бойынша Астана қаласының Мәдениет басқармасы 2023 жылғы 28 қарашада сағат 09.00-ден бастап балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау кезегін ашады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
2023 жылдың қорытындысы бойынша үнемделген қаражатты пайдалана отырып, орындарды бөлу және ваучерлер (5500 ваучер) беру 2023 жылғы 28 қарашада сағат 18.00-де жүзеге асырылатын болады.