Әлеуметтік көмек, бизнес ашу, жұмыс іздеу: Астанада «Баршаға мүмкіндік» пунктері арқылы кеңес алуға болады

Әлеуметтік көмек, бизнес ашу, жұмыс іздеу: Астанада «Баршаға мүмкіндік» пунктері арқылы кеңес алуға болады

Астанада «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері арқылы тұрғындар мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«JOLTAP» әлеуметтік жобасы мемлекеттік қолдау шаралары, атаулы әлеуметтік көмек, бизнесті ашу үшін өтініш беру, оқыту, жұмыс іздеу бойынша кеңес беру мүмкіндігін ұсынады.

Жоба елорда әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылады және барлық тілек білдірушілер үшін қолжетімді. Жобаға кез келген адам қатыса алады.

«JOLTAP» жобасының мақсаты – халықтың табысын арттыру үшін мүмкіндіктерді таңдауға көмектесу.
Консультациялар күн сайын «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінде мына мекенжайлар бойынша көрсетілген уақытта жүргізіледі:

Күнделікті сағат 10:00-19:00 аралығында:
«Ailand» ОДО, Қорғалжын тас жолы, 2;
«Magnum» супермаркеті, Еділ көшесі, 26;

Күнделікті сағат 10:00-20:00 аралығында:
«Жастар» сарайы Республика даңғылы, 34;
«Тұлпар» СО Ш. Уәлиханов көшесі, 24;
«Euromall» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 23;
«Встреча» СҮ Абылай хан даңғылы, 31;
«Mechta» СҮ, Сығанақ көшесі, 3;
«Азия парк» СОО Қабанбай батыр даңғылы, 21;

Күнделікті сағат 10:00-18:00 аралығында:
«Саянұр» базары Тілендиев даңғылы, 24/5;
«Big Шанхай» базары, Алаш тас жолы, 32а.