Электр желісіндегі апат елорданың медициналық мекемелерінің жұмысына әсер еткен жоқ, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Электр желісіндегі апат қалалық 7 медициналық мекемеге әсер етті. Бірақ олардың барлығы генераторларға қосылған, сол себепті бұл нысандарда электр қуаты сөнген жоқ. Жұмыста ақаулар болған жоқ.