Алдағы дүйсенбі күні, яғни 30 қазанда Қалалық қызметтер порталы Qalaqyzmet.kz техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Qalaqyzmet.kz сайты техникалық жұмыстарға байланысты 30 қазан күні сағат 14.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істемейді.
Qalaqyzmet Фронт-офисі осы кезеңде өтінімдерді қабылдау мүмкіндігі жоқ консультациялар режимінде ғана жұмыс істейтін болады.