Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтетін орын өзгереді

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтетін орын өзгереді

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтетін орын ауыстырылады. Енді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өңірлік жәрмеңкелері «Астана Арена» стадионының алдында өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Орналасқан жердің ауысуына байланысты өзгерістер аймақтық жәрмеңкелерді өткізу кестесіне де әсер етті. Мәселен, 21-22 қазанға жоспарланған Қарағанды және Ұлытау облыстарының жәрмеңкесі 28-29 қазанға ауыстырылады.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы дәстүрлі түрде 4-5 қарашада елордаға келетін Ақмола облысымен аяқталады.