Өндіріс көшесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Өндіріс көшесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Өндіріс көшесінде орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 17-20 қазан аралығында Солтүстік айналма жолдан «Астана қаласын айналып өту» автомобиль жолына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.