Азия ойындары: елордалық Жәмилә Бақбергенова күміс жүлдегер атанды

Азия ойындары: елордалық Жәмилә Бақбергенова күміс жүлдегер атанды

Астана қаласының спортшысы Жәмилә Бақбергенова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жерлесіміз ақтық белдесуде Қырғызстанның спортшысы Айпері Медетқызына есе жіберді.

Жәмилә алғашқы айқасында Өзбекстан құрамасының атлеті Светлана Окназарованы, ширек финалда моңғолиялық Ариунджаргал Ганбатты еш қиындықсыз таза жыққан болатын. Ал жартылай финалда Үндістан елінің бозкілем шебері Кираннан жеңісті жұлып алды. Есеп: 4-2.

Осы тұста Жәмилә Бақбергенова (72 кг салмақта) сары құрлық чемпионатында 3 мəрте жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ палуаны екенін айта кетейік. Қазір оның еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі бар (3 алтын, 1 күміс, 1 қола).

Ол әйелдер күресінен Қазақстан командасының көшбасшысы Жәмилә Ханчжоудағы додада Олимпиада бағдарламасына кіретін 76 кг салмақта алғаш рет сынға түскен болатын.