Астана қаласының спортшысы Азия ойындарының финалына шықты

Астана қаласының спортшысы Азия ойындарының финалына шықты

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі елордалық Нұржан Батырбеков Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыстың жартылай финалында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Оңтүстік Кореядан келген 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Чо Сон Хенді 50:2 есебімен жеңді.

Енді жерлесіміз ақтық белдесуде Біріккен Араб Әмірлігінің спортшысы Мұхаммед Әл-Суваидимен кездеседі.