
Астанада № 14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтерілгенде баспалдақтан құлады. Дегенмен, баспалдақ қоршаулары бар. Баланың сөзінен оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы дереу шақырылды.
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 18.09.2023 жылы "103" пультіне Мәскеу көшесі, 23, №14 мектеп мекен-жайы бойынша жеделдіктің 3 санаты (жедел жәрдемнің келу уақыты-29 минут) шақырылды. Бала №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына алдын ала хабарланып, толық алғашқы медициналық көмек көрсетумен жатқызылды. Қабылдау кезінде оны барлық мамандар тексерді, қазір ол нейрохирургияның бейінді бөлімшесінде ем алуда.
Оқушының жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде түзелуде. Ми жарақаты хаттамасына сәйкес ем қабылдауда, қазіргі уақытта хирургиялық емдеуді қажет етпейді.
Бұл ретте ведомствода оқушының комада болмағанын, есі дұрыс, жағдайы тұрақты екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, Сарыарқа аудандық полиция басқармасында 2023 жылғы 19 қыркүйекте осы факт бойынша ҚР ҚК 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
№14 мектеп-гимназиясының директоры оқиғаға байланысты қызметінен босатылды.