Елордада 20 жылда алғаш рет Ақбұлақ өзенінің түбін тазарту жұмыстары жүргізіледі

Елордада 20 жылда алғаш рет Ақбұлақ өзенінің түбін тазарту жұмыстары жүргізіледі

Бүгін Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Ақбұлақ өзенінен Есіл өзеніне су ағызу жұмыстарын бастады. Бұл іс-шаралар Ақбұлақ өзенінің түбін көпжылдық шөгінділерден одан әрі тазарту үшін қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап 2024 жылдың сәуіріне дейін түбін тұнба шөгінділерден тазарту жұмыстарын жүргізетін болады.

Осы жылдар ішінде Ақбұлақ өзені қала тұрғындары мен жастардың демалыс орындарының біріне, спортпен шұғылдануға және ескек есуден жарыстар өткізуге арналған орынға айналды.

Мұндай көлемдегі ағынды тазарту 20 жылда алғаш рет жүргізілуде. Түбінің лайлануы су қоймасының батпақтануына, жағымсыз иістің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Сондықтан ағынды тазарту қалыпты экобалансты сақтауға ықпал ететін маңызды оқиға болып табылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Ақбұлақ өзенінің су балансы түбін тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін міндетті түрде қалпына келтірілетін болады.
Ақбұлақ ағынында өткізілетін барлық іс-шаралар тек су айдынының сапасын жақсартуға, оның экологиялық жағдайын, флорасы мен фаунасын қалпына келтіруге бағытталған.