Астанада толассыз жауған жаңбырдың салдарын жою жұмысы жүріп жатыр

Астанада толассыз жауған жаңбырдың салдарын жою жұмысы жүріп жатыр

Астанада жауын-шашынға байланысты қала бойынша 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Су басқан учаскелерде бригадалар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Elorda Eco System» ұйымы жаңбыр суын соруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде тиісті іс-шараларды жүргізіп жатыр: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды, құбырларды, нөсер кәріздерін тазарту, кәріз жүйелерінің құрылысын және т.б. Бұл жұмыс 200-ден астам проблемалы учаскеде су басу проблемасын шешуге мүмкіндік берген болатын.

Нөсерлі кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын салу мәселесі қала әкімдігінің бақылауында. Биыл жер үсті ағындарын сору үшін 2,5 км нөсер кәрізінің магистральдық желілерін салу жоспарланып отыр.