«Отбасы – бақыт мекені»: Астанада жас отбасыларға арналған зияткерлік турнир өтті

«Отбасы – бақыт мекені»: Астанада жас отбасыларға арналған зияткерлік турнир өтті

Оқушылар сарайында Отбасы күніне орай Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Отбасы – бақыт мекені» неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешені аясында жас отбасыларға арналған зияткерлік турнирі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Отбасылық эстафетаға 35 жасқа дейінгі елордалық жас отбасылардан 80-нен астам өтінім келіп түсті. Зияткерлік турнирге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Досымжан Таңатаров, журналист Айгүл Мүкей, жыршы-термеші Елікбай Иса, сол сияқты мәслихат депутаттары, Әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері Салтанат Дженалиева, Динара Оразалина және т.б. қатысты.

Екі кезеңнен тұратын Жас отбасыларға арналған зияткерлік турнирде қазылар алқасына Салтанат Мұқанбетпанақызы төрелік етті. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынға Мейрамбековтер отбасы (500 000 теңге) ие болса, екінші орын Тұғамбаевтар отбасына (300 000 теңге) берілді, ал үшінші орынды Үсеновтер отбасы (150 000 теңге) иеленіп, оларға арнайы сертификаттар табысталды.

Алдағы уақытты «Отбасы – бақыт мекені» неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар әлеуметтік желілердегі фото/видео отбасылық байқауына (өз отбасыңыз туралы, Жас отбасылар арасында мәдениет, ұлттық дәстүрлер мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған «Үздік жас отбасы» конкурсымен жалғасады.

Аталған іс-шараларды 2023 жылдың қазан айына дейін өткізу жоспарланып отыр.
Әрбір конкурс бойынша ақпарат Instagram-дағы @elorda_jastary ресми парақшасында жарияланатын болады.