Сарыарқа ауданында KOKTAL RUN жүгіру марафоны өтеді

Сарыарқа ауданында KOKTAL RUN жүгіру марафоны өтеді

9 қыркүйек күні «Koktal Run» жүгіру марафоны ұйымдастырылады. Оған жеңіл атлетиканы ұнататын әрбір тұрғын қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жүгіру қашықтығы:

Балалар (16 жасқа дейінгі қыздар): 1 км;
Балалар (16 жасқа дейінгі ұлдар): 2 км;
Ересектер (жас шектеусіз): 5 км.

Марафонға тіркеу 9 қыркүйек күні сағат 08:00-де басталады.

Марафон соңында балалар мен ересектер арасында бірінші, екінші, үшінші орын алған үздік қатысушылар марапатталады.

Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлыққа ие болады.