Астанада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады

Астанада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Астананың балабақшаларында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Атап айтсақ №54, №60, №66, №95 мектепке дейінгі ұйымдарындағы инклюзияны қолдау кабинеттері аутизмі бар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды білім беру процесіне қосу, мектепке даярлау және қоғамға әлеуметтендіру мақсатында ашылып жатыр.

Одан өзге, №8, №11, №30, №76 балабақша жанындағы 4 шағын орталықта қосымша инклюзияны қолдау кабинеттері қолданысқа беріледі. Бұл «Әрбір бала мектепке лайық» жобасы аясында іске асырылуда.

Қазіргі таңда аталған балабақшаларда психолог, логопед, дефектолог, педагог-ассистент мамандары психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын істеп жатыр.