Астанада бірнеше көшенің учаскелері жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астанада бірнеше көшенің учаскелері жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірден бірнеше көшеде жөндеу жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты жөнделетін учаскелерде қозғалыс уақытша жабылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәселен, жол төсемін жөндеу Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысында жүргізілуде.

Осыған байланысты 26-27 тамыз аралығында осы учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

26-31 тамыз аралығында Тәшенев көшесінен Иманов көшесіне дейінгі учаскеде Республика даңғылында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Мұнда да жөндеу жүргізіліп жатыр.

Бұдан басқа, орташа жөндеу 26-31 тамыз күндері Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралықтағы Түркістан көшесі жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.