Астанада бірнеше бағыт бойынша қозғалыс сызбасы өзгереді

Астанада бірнеше бағыт бойынша қозғалыс сызбасы өзгереді

Астанада 26 тамыздан бастап бірнеше қалалық маршруттың қозғалыс сызбасы өзгертіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

№24, 24Н, 31, 121 бағдарларының қозғалыс сызбасы Қордай көшесімен М. Шоқай көшесі бағытындағы «Кернай» ТК аялдамасына дейін ұзартылады;
«Шұбар» ықшам ауданы мен №66 мектеп арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз ету мақсатында, № 121 бағдарының қозғалыс сызбасы «Министрліктер үйі» аялдамасы арқылы өзгереді;
№41 бағдардың қозғалыс сызбасы «Промышленный» ТА дейін ұзартылады;
№ 28 бағдары № 52 мектеп бағытында Айнакөл көшесіне кіріп жүретін болады.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.