Бүгін Астанада жылу желілерін жөндеу жұмысымен таныстыру мақсатында «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ нысандары бойынша баспасөз туры ұйымдастырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қалалық департаменті ұйымдастырған іс-шараға қоғам белсенділері, Астана қаласы мәслихатының депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты.
Елорданы энергиямен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жаңғырту және жай-күйін жақсарту үшін «Астана-АЭК» АҚ 2021-2025 жылдарға арналған жаңа инвестициялық бағдарламаны іске асыруға кірісті.
Баспасөз турына қатысушылар «Астана-Өңірлік электржелілік компания» АҚ-на қарасты 3 нысанда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысымен танысты.
Олар алдымен Мирзоян көшесі, 29П мекенжайында орналасқан «ПНФ» шағын станциясына барды.
«Бұл шағын станция алғаш рет 1985 жылдың басында іске қосылған. Соңғы рет қайта жаңарту жұмысы 2008 жылы жүргізілді.
Тұтынушылар санының ұлғаюына және қолданыстағы желілер үшін қажетті қуат мөлшерінің өсуіне байланысты бұрнығы трансформатордың қуаты жеткіліксіз болды. Сондықтан бұл станция жаңартылды.», - деді «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Абжанов.
Аталаған станция қаладағы Тәуелсіздік, Момышұлы, Абылай хан даңғылдарын және Мұңайтпасов көшесін жылумен электр желілерімен қамтамасыз етеді. Бұған дейін трансформатордың күш қуаты 40 Кв болған. Ал қазір ол 63 Кв-қа жеткен.
Одан кейін қоғам белсенділері Күйші Дина, 1 мекенжайында орналасқан 502-трансформаторлық шағын станциясының жай-күйімен танысты.
Соңғы нысан – Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылындағы «Орталық» шағын станциясы болды. 1983 жылы құрылған станцияда жаңарту жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр.