Астанада Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль өтеді

Астанада Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль өтеді

Астана қаласында 4-10 қыркүйек күндері Ұлттық спорт түрлерінен VI фестиваль өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек спорт түрлерінен еліміздің барлық өңірі сынға түсетін болады.

Төрт жылдықтың басты додасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, ұлттық спорт түрлері бойынша федерациялар және Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді.

«Қазанат» ипподромы - көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, дәстүрлі садақ ату, құсбегілік.

Ұлттық спорт түрлерінен өтетін бәсеке мынадай спорт кешендерінде өтеді:
«Qazaqstan» ЖАСК - асық ату, тоғызқұмалақ.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы - қазақ күресі.

«Аспан» спорт кешені - жекпе-жек.