Астанада тағы бірнеше жол учаскесі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

Астанада тағы бірнеше жол учаскесі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Д.Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының, сондай-ақ Өндіріс көшесінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмысына байланысты 19-20 тамыз аралығында Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Сонымен қатар, 19 тамыздан 7 қыркүйекке дейін Солтүстік айналма жолдан көлік айырбасына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.