Астанада Есіл өзенінің жағасында сенбілік өтті

Астанада Есіл өзенінің жағасында сенбілік өтті

Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Астана жастары» жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, Есіл өзенінің жағасында сенбілік өткізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Сенбілік қоршаған ортаға құрметпен қарауды насихаттау аясында өтті.
Еріктілер қолдарына күрек-тырма, мөшек алып, маңайды қоқыстан тазартып, өзен жағасын ретке келтірлі.
Барлығы 8 тоннадан астам қоқыс жиналды. Акцияға 50-ден астам ерікті қатысты.

Есіл өзенінің жағалауы елорда тұрғындары мен қонақтарының негізгі демалыс орындарының бірі болып саналады. «Астана жастары» еріктілері қаланың экологиялық акцияларына тұрақты түрде белсенді қатысады.