Қазақстандық спортшы Бүкіләлемдік жазғы Универсиадада алтын алды

Қазақстандық спортшы Бүкіләлемдік жазғы Универсиадада алтын алды

Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік Универсиаданың алғашқы алтынын Қазақстанға таэквондист Рита Бакишева әкелді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстандық Рита Бакишева 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Қытайдың Тайбэй өкілінен басым түсті.

Бұған дейін Елжан Таниева лентамен көркем гимнастикадан жеке жарыстарда күмісті жеңіп алған болатын.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына он бір медаль түсті – бір алтын, бес күміс және бес қола.

Чэндудегі 31-ші Дүниежүзілік жазғы Универсиада 8 тамызға дейін жалғасады.