Астанада Обаған және Кеңгір көшелері жабылады

Астанада Обаған және Кеңгір көшелері жабылады

Астана қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Обаған және Кеңгір көшелерінің қиылысында инженерлік желілер салу бойынша жұмыс жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 24 шілдеден 6 тамызға дейін жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.