Ш.Құдайбердіұлы даңғылындағы учаскеге жөндеу жүргізіледі

Ш.Құдайбердіұлы даңғылындағы учаскеге жөндеу жүргізіледі

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сіздерді Ғ.Мұстафин көшесінен бастап Бекарыс көшесіне дейінгі учаскеде Ш.Құдайбердіұлы даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 20-24 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.