«Істі сотқа жібереміз»: Ж.Қасымбек өз ісіне салғырт қараған құрылыс салушылар туралы

«Істі сотқа жібереміз»: Ж.Қасымбек өз ісіне салғырт қараған құрылыс салушылар туралы

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында өз ісіне салғырт қараған құрылыс салушылардың ісі сотқа жіберілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

«Бірқатар тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен жергілікті орындарда тікелей кездестім. Олардың үйлері жеке құрылыс салушылардың салдарынан кешіктіріліп жатыр. Мәселен олар – «Қазанат-2», «София», «Оазис», «Arai apartaments» тұрғын үй кешендері. Кесте бойынша көрсетілген уақыттан кешіктірілгенінен бөлек құжат, қаржыландыру және т.б. бойынша проблемалар бар. Анықталған бұзушылықтар бойынша құрылыс салушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев қатысты.

Құрылыс салушыларды өзгелердің тағдырына бей-жай қарамауға шақырамын! Егер заңды талаптар орындалмаса әрі бұзушылықтар уақытында жөнделмесе, іс сотқа жіберіледі. Материалдар қылмыстық тұрғыда қаралатын болады. Ал нысандар өзге инвесторларға тапсырылады.

Осыған ұқсас проблемалар «Сапсан», «Diana», «R-club», «R-club Deluxe», «Әскер 1 және 2», «Ақтау сити» тұрғын үй кешендерінде де бар. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп проблемалы үйлердің құрылысын назарда ұстайтын боламыз», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.