Астанада екі көшенің және көпірдің учаскелері жабылады

Астанада екі көшенің және көпірдің учаскелері жабылады

Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мәңгілік Ел даңғылының, Арай көшесінің және «Тұлпар» көпірінің учаскелерінде орташа жөндеу жүргізіледі деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмысына байланысты 11-17 шілде аралығында Ә.Кекілбаев көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі учаскеде Мәңгілік Ел даңғылы бойынша қозғалыс жабылады.

Сондай-ақ 12 шілдеден 3 тамызға дейін «Тұлпар» көпірінде көлік қозғалысы ішінара жабылады.
Жөндеу жұмысына байланысты 11-20 шілде аралығында Жауқазын көшесінен бастап Космонавтов көшесіне дейінгі аралықтағы Арай көшесінің учаскесі жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.