
LRT желісі құрылысының аумағын дайындау шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында Министрліктер үйі мен «Қазақстан» ОКЗ ауданында инженерлік желілерді қайта орнату жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 2023 жылдың 10 шілдесінен 15 тамызына дейін Сығанақ көшесінен Есіл өзені арқылы өтетін көпір ауданында «Қазақстан» ОКЗ және Министрліктер үйі жағына қарай көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.