Кенесары көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Кенесары көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Кенесары көшесінде жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.

Орташа жөндеу жұмысына байланысты 14-16 шілде аралығында Кенесары көшесінің А.Янушкевич көшесінен Е. Брусиловский көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.