Астанада аттракциондары бар кезекті саябақ ашылды

Астанада аттракциондары бар кезекті саябақ ашылды

Астанада Ailand отбасылық демалыс орталығының жанында жаңа аттракциондар паркі ашылды. Іс-шараның құрметіне орай арнайы концерт өткізілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Саябақта карусель, неше түрлі машиналар арқылы көңіл көтеруге болады, сонымен қатар балалардың сумен ойнауына да мүмкіндік қарастырылған.

Аттракциондардың жанында демалуға және тамақтануға арналған көлеңкелі орындықтары бар жасыл аймақ орналасқан.

Саябақ үш жастан асқан балаларға арналған. Салтанатты ашылғаннан кейін жұмысына бірден кірісті. Жаз мезгілі аяқталғанға дейін күн сайын сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

«Жаңа ойын-сауық алаңы бүгін 25 жылдығы атап өтіліп жатқан қаламыздың бір бөлігі болады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын құттықтаймын және саябақтың ашылуына орай өтетін концертте уақытты көңілді өткізуді тілеймін!» – деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Сәрсенғали Ақжолов.

Жиылған жұрттың алдында музыкалық ансамбльдер, шығармашылық студиялар интерактивті ойындар өткізіледі.

Концерт кешкі сағат 21:00-де би кешімен аяқталады.