Астананың 25 жылдығы: іс-шаралар жоспары әзірленді

Астананың 25 жылдығы: іс-шаралар жоспары әзірленді

Астана қаласының Мәдениет басқармасының Мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы Ақерке Жұманбаева елорданың 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын жариялады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Ведомство өкілінің айтуынша маусым-шілде айлары аралығында қала күнін мерекелеуге Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты 12 мекемесінің күшімен 100-ден астам іс-шара жоспарланып отыр.

1 шілде күні сағат 20:00-де Амфитеатрда «Аялаған Астана» өнерлі жас әншілерді тәрбиелеуге арналған музыкалық байқаудың гала-концерті өтеді. Билеттер тикетон сайтында сатылымда.

2 шілде Домбыра күніне орай ЭКСПО алаңында көпшілікке «Домбыра дастан» шоу-концерті ұсынылады. Басталуы 20:00-де. Кіру тегін.

2 және 3 шілдеде «Қаламгерлер» аллеясы мен №5 балалар кітапханасында Қазақстан жазушылар одағымен бірге «Астана – шабыт арқауы» ақын-жазушылармен кездесулер циклі өтеді. Кіру тегін.

3 шілде Бейбітшілік және келісім сарайында «Алтын мұра» Қазақстанның ең үздік дәстүрлі әнші, күйші, жыршыларының мерекелік концерті өтеді. Басталуы 19:00. Билеттер тикетон сайтында сатылымда.

4 шілде «Астана» концерт залында «Әзіл әлемі» музыкалық әзіл-ысқақ кеші өтеді. Басталуы: 17:00, 20:00. Билеттер тикетон сайтында сатылымда.

4 шілде «Жастар» сарайында Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «НАЗ» мемлекеттік би театрының «Қазақ жәдігерлері» концерттік бағдарламасы ұсынылады. Басталуы 19:00.

5 шілде Амфитеатрда халық арасында танымал әртүрлі аспапта орындаушылардың «Елорда әуені» шоу-концерті өтеді. Басталуы 20:00. Билеттер тикетон сайтында.

5-6 шілде ЭКСПО алаңында балалар мен ересектерге арналған «Гүл Астана» эко-фестивалі өтеді. Кіру тегін.

5-6 шілде «Гүл шаһары – Астана» Республикалық суретшілер плэнері жоспарланған. Онлайн конкурс арқылы 80 жұмыс жиналып, конкурс қорытынды бойынша экспо алаңына 15 үздік жұмыс көрмесі қойылатын болады. Кіру тегін.

6 шілде қаланың шет аймағында тұрғын үй алаптарында қала тұрғындары мен қонақтарына «Думанды Астана» концерттері өтеді. Басталуы 18:00. Кіру тегін.

6 шілде ЭКСПО алаңында OPEN AIR ашық аспан астындағы мерекелік концерт өтеді. Шарада отандық эстрада жұлдыздары Маржан Арапбаева, Аука, Дос, Akha, Мирас Жүгінісов, Қазбек Құрайш, Еркеш Хасен, Qanay, Raim өнер көрсетеді. Сонымен қатар, көрерменді құпия жұлдыз күтеді. Басталуы 18:00. Кіру тегін.

6-8 шілде Орталық саябақта отбасылық демалысқа арналған Mereke Street фестивалі өтеді. Уақыты 10:00-ден 22:00-ге дейін. Кіру тегін.

6-9 шілде Астаналық циркте «Franke» жұлдызды цирк бағдарламасы өтеді. Басталуы 16:00. Билеттер тикетон сайтында.

7 шілде «KITAP FEST» республикалық кітап көрмесі ұйымдастырылады. Уақыты 11:00-ден 19:00-ге дейін. Кіру тегін.

8-9 шілде көше тағамдарының фестивалі өтеді. Көше тағамдарының фествивалі Орталық саябақта, амфитеатр аумағында өтеді. Сондай-ақ бауырсақ пісіруден рекорд орнатылады. Басталуы 12:00-ден 20:00-ге дейін. Кіру тегін.

Сонымен қатар Астана күні қарсаңында Мәдениет басқармасына қарасты 6 театрда көрермендерге қойылымдар ұсынылады.

30 маусым «Жастар» театрында «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым.» мюзиклі.

1-2 шілде Музыкалық жас көрермен театрының халықтың ыстық ықыласына бөленген «Гауһартас» музыкалық драмасы өтеді.

5, 6, 8 шілде Музыкалық жас көрермен театрын арнайы Астана қаласының 25 жылдығына «Қыз-Жібек» этно-фольклорлық мюзикл премьерасын ұсынады.

5-6 шілде Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Болмаған балалық шақ» драмасы ұсынылады. Барлық қойылымдарға билеттер тикетон сайтында.