Ш.Уәлиханов көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Ш.Уәлиханов көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ш.Уәлиханов көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 25-28 маусым аралығында Абай даңғылынан бастап Кенесары көшесі дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.