Астанада кезекті азық-түлік жәрмеңкесі ашылды

Астанада кезекті азық-түлік жәрмеңкесі ашылды

Астана қаласында кезекті жәрмеңке ашылды – «СТС-24/7 ШАРЫН ОПТ» деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл жәрмеңкеде елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түліктерді көтерме бағамен сатып ала алады.
Сол сияқты азық-түлік өндірушілері мен жеткізушілеріне сауда орындары мен қоймалар жалға беріледі.

Жәрмеңке күнделікті Алаш тасжолы, 31/2 мекенжайында («Шанхай/Көк Базар», «Шарын», «Алаш», «Әмір» базарларының қасында) 9:00-ден 21:00-ге дейін өтеді.

Дәл осындай жәрменкелер Абылай хан даңғылы, 20а, Сауран көшесі, 7 және Ш.Қосшығұлұлы көшесі, 14 мекенжайларында да жұмыс жасауда.