
Елорда тұрғындары мен қонақтары Астананың 25 жылдығына арналған жаппай веложарысқа шақырылады. Іс-шара 25 маусым күні өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықты бағындырып, Үркер (Ильинка) елді мекеніне барар жолдағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.
Веложарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 08:00-ден 08:30-ға дейін жалғасады. Басталуы – 09:00.
Жарыс аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Әрбір қатысушы өз велосипедімен веложарысқа жіберіледі.