Астанада С.Рахимов көшесінде жөндеу жұмысы басталды

Астанада С.Рахимов көшесінде жөндеу жұмысы басталды

Елордада С.Рахимов көшесінде жөндеу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, С.Рахимов көшесінде орташа жөндеу жұмысы басталғаны туралы хабарлайды.

Осыған байланысты 8-18 маусым аралығында кешкі уақыттарда Бөгенбай батыр даңғылынан бастап С.Сейфуллин көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.