Астанада тағы бір демалыс күнгі жәрмеңке жұмысын бастады

Астанада тағы бір демалыс күнгі жәрмеңке жұмысын бастады

Астанада қалалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен тағы бір қалалық жәрмеңке басталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке дәстүрлі түрде әр демалыс сайын Абылай хан даңғылы, 20а (автотұрақ аймағы) мекенжайы бойынша өтеді.

Кәсіпкерлер тауарлардың кең ассортиментін ұсынады, оның ішінде: сүт және азық-түлік өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, сиыр еті, жылқы еті, қой еті және т.б.

Жәрмеңке сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, дәл осындай жәрмеңке Сауран, 7 және Қосшығұлұлы, 14 мекенжайларында да жұмыс істейді.