Рәміздер күні: Байқоңыр ауданында жаңа аулалар ашылды

Рәміздер күні: Байқоңыр ауданында жаңа аулалар ашылды

Байқоңыр ауданында абаттандырылған және жаңадан пайдалануға берілген аулалар ашылды. Іс-шара Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күніне орайластырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жаңадан абаттандырылып, айтулы мереке - Рәміздер күнінде пайдалануға берілген аулалар: Ш.Иманбаева көшесі, 8, Бөгенбай даңғылы, 56, А.Бараев көшесі, 13, С.Сейфуллин көшесі 65/1, А.Сембинов көшесі, 24 мекенжайлары бойынша.

Мерекелік іс-шараға аула тұрғындары мен қонақтары жиналды. Олардың арасында 76 жастағы Астана тұрғыны Сәуле Бакеева да бар.

«Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Елімізде тыныштық болсын, халқымыз өркендесін! Бұл аула ересектер мен балаларға арналған демалыс орнына айналды. Тұрғындар атынан алғысымды білдіремін. Ең бастысы, балаларымыз бақытты болсын!» - деді Сәуле Бакеева.

Жаңадан ашылған аулаларда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, патриоттық әндер шырқалды, ал балалар үшін аниматорлар келді.

«Бүгін біздің үйдің қасбетінде алғаш рет жалаулар ілінді. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Көңіл-күйіміз керемет. Ойын алаңдары да жаңартылуда және өзімізді жаңа үйге көшкендей әсерде жүрміз.
Мереке құтты болсын! Ең бастысы, елімізге амандық пен жақсылық тілеймін!» - деді елорда тұрғыны Мақпал Ештанаева.