Астанада бүлдіршіндер жылдамдыққа жүгіріп жарысты

Астанада бүлдіршіндер жылдамдыққа жүгіріп жарысты

Астанадағы көркем гимнастика академиясы ұйымдастырған марафонға 6 мен 14 жас аралығындағы оқушылар қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңындағы спорттық іс-шара Триатлон саябағында өтті. Жас спортшыларды қолдауға ата-аналары мен бапкерлері және белгілі қазақстандық спортшылар келді.

6-7 жас санатындағы бүлдіршіндер 200 метрге, 8-9 жастағы балалар 300 метрге, 10-12 жастағылар жарты шақырымға және 12-14 жастағы жеткіншектер 700 метр қашықтыққа жүгірді.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Балалар спортпен шұғылдануға үнемі дайын әрі оған бейім болып келеді. Ал осы тұста ата-ананың еңбегі де зор болып, балаға бағыт-бағдар беруі қажет», - деп атап өтті спортшы Сергей Цырульников.