Қабанбай батыр даңғылындағы учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Қабанбай батыр даңғылындағы учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылындағы жолға орташа жөндеу жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Орташа жөндеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады. Қабанбай батыр даңғылы бойынша Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейін жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 31 мамырынан 4 маусымына дейін жергілікті жол жүру жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жол-құрылысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды және қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.