Астанада қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтеді

Астанада қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтеді

Астанада 16-18 маусым күндері ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс «Жекпе-жек» және «Өзін-өзі қорғау» бойынша өтеді. Әлем чемпионатына 30 елден 300-ден астам спортшы қатысады: Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Гана, Германия, Үндістан, Иордания, Иран, Қырғызстан, Румыния, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Венесуэла, Қытай, Колумбия, Италия, Испания, Перу, АҚШ, Сенегал, Таиланд, Чехия, Польша, Молдова, Моңғолия, Қазақстан.

Билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Дүбірлі дода Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Басталуы: сағат 10:00-де.