Астанада 100 отбасы газға тегін қосылады

Астанада 100 отбасы газға тегін қосылады

Астанада әлеуметтік аз қамтылған жүз отбасы газға тегін қосылады. Олардың ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы және т.б. Астана әкімдігі Halyk-пен бірлесіп Алматы және Сарыарқа аудандарындағы 100 жеке үйді тегін газдандыру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы бюджеті 230 млн теңгені газдандыру жобасы Halyk-тың 100 жылдығына арналған «100 игі іс» ауқымды науқаны аясында іске асырылуда. 2023 жылы Halyk Bank қаражаты есебінен мұқтаждығы бар отбасылар арасында 230-ға жуық тұрғын үй – Астанадағы 100 үйді және Алматы қаласының Наурызбай, Алатау және Медеу аудандарында тұратын 130 үйді газға толықтай қосу үшін қаржыландыру жоспарланып отыр.

«Астана қаласындағы Алматы және Сарыарқа аудандары газға қолжетімділікпен толық қамтамасыз етілген. Бұл шамамен 12 мың абонент. Оның ішінде 8 мыңнан астам абонент газға қосылды. Үйлерді газға қосу шығындарын азайту үшін үлкен жүйелі жұмыс жүргізудеміз: халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 450 мың теңгеге жуық сомаға газдандыру шығындарына өтемақы көзделген, сондай-ақ құны 150 мың теңгеге жуық есептеу аспаптары тегін беріледі. Бұрын банкпен пайызсыз несиелеу бағдарламасы іске қосылған болатын. Енді Halyk-пен елордадағы 100 үйді тегін газдандыру жобасын іске асыруға кірісеміз. Қалған аудандар бойынша газ құбырын жеткізу желілерін, кварталішілік желілерді салу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі. Газдандыру процесі Мемлекет басшысының бақылауында», - деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

Қазіргі уақытта елорда әкімшілігі әлеуметтік осал санатына жататын мұқтаж адамдардың тізімін тізімін ұсынды. Оларға материалдық жағдайы газдандыруды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар енгізілді.

Банктың басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, Halyk бірнеше жыл бойы газдандыру мәселесін шешуге өз ресурстарын салып жатыр.

«Біз қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін – банктік қызметтерін жетілдіру арқылы да, бүкіл республика бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы да үнемі жұмыс істеп келеміз. 2021 жылы банк Алматыда жалпы сомасы 92 млн теңгеге 100 жеке үйді толықтай газдандыруды қаржыландырды, сондай-ақ тұрғын үйлерге газ жүргізуге жеңілдікпен несие берудің жеке бағдарламасын іске қосты. Банк тұрғын үйлерге газ жүргізуге жеңілдікпен несие берудің жеке бағдарламасын іске қосты. Газдандыру жобасын жалғастыра және кеңейте отырып, біз бірден екі міндетті – отандастарымыздың неғұрлым осал топтарына көмектесуге және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға барынша үлес қосуға жәрдемдесуге тырысамыз», - деді Үміт Шаяхметова.