Автобус жолағы бойынша қозғалыс: Астанада онлайн дауыс беру басталды

Автобус жолағы бойынша қозғалыс: Астанада онлайн дауыс беру басталды

Астанада қоғамдық көліктерге бөлінген жолақтар бойынша автокөлік жүргізушілерінің қарбалас уақыттан тыс және демалыс күндері жүру мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада осы жылдың 30 мамырына дейін жалғасатын осы мәселені шешу бойынша онлайн-дауыс беру басталды. Әкімдіктің сайтында сілтеме бойынша дауыс беруге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/vote/6?lang=ru

2023 жылдың 22 сәуірінен бастап Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылы бойынша қоғамдық көлікке арналған жолақ бойынша шектеулі жүру уақыты өзгертілген болатын. Қоғамдық көліктен басқа барлық автомобильдерге жұмыс күндері сағат 06.30-дан 20.00-ге дейін арнайы жолақпен жүруге тыйым салынған. Ал сенбі, жексенбі және мереке күндері көліктерге автобус жолағында шектеусіз жүруге рұқсат етіледі.