Тұран даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

Тұран даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылында орташа жөндеу жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Тұран даңғылы бойында жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты осы жылдың 6-12 мамыр аралығында Бұқар Жырау көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі (екі жақты қозғалыс) учаскеде көлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.