Астанада Жеңіс күніне орай жеңілатлетикалық эстафета өтеді

Астанада Жеңіс күніне орай жеңілатлетикалық эстафета өтеді

9 мамыр күні таңертең елорданың Триатлон саябағында Жеңіс күніне арналған жеңілатлетикалық эстафета өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Жеңіс күніне арналған жарысқа жалпы білім беретін мектептердің 1000-ға жуық оқушысы мен орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.
Эстафетаға қатысушылар 10 кезеңнен тұратын 2200 м қашықтықты еңсеруі керек. Олар Триатлон саябағында басталып, сол орында аяқталады.

Эстафетаның мақсаты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету және жалпы білім беретін мектеп оқушылары, ЖОО және ЖОО студенттері арасында бұқаралық спорттық іс-шараларды дамыту болып саналады.

Бұқаралық іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі және қатысушылар саны артып келеді.

Жарыста жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар медальдармен, командалық кубоктармен және дипломдармен марапатталады.


Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.