Елордалық полицейлер Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай марапатталды

Елордалық полицейлер Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай марапатталды

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы мен ішкі істер органдарының ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев жиналғандарды мерекемен құттықтады.

«Тәртіп сақшыларының қазіргі буыны заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге лайықты қызмет етіп жатыр», - деді елордалық полиция басшысы.


Дәстүр бойынша, мерекеге орай, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен және Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
 

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.