Қордай көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Қордай көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қордай көшесіндегі жол төсемін жөндеуді бастайды. Жұмыс Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісіліп жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылдың 2-8 мамыры аралығында орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаскеде Қордай көшесі бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет.
Қалалық қоғамдық көлік қозғалысының өзгертілген схемасымен CTS ЖШС-нің Instsgram-дағы ресмипарақшасынан таныса аласыз.