Қошқарбаев - Әл-Фараби жол айрығында жөндеу жұмысына байланысты қозғалыс шектеледі

Қошқарбаев - Әл-Фараби жол айрығында жөндеу жұмысына байланысты қозғалыс шектеледі

Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Р. Қошқарбаев көшесі – Әл-Фараби даңғылының жол айрығында орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Теміржолшылар елді мекені бағытындағы оң жақтағы съездер, сондай-ақ әл-Фараби даңғылы жағынан Р.Қошқарбаев көшесі бағыты жабылады.

Осыған байланысты 22-26 сәуір аралығында аталмыш учаскелерде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.