Сәуір айындағы қыс: Астанада қар мен көктайғақтың салдарын жою жұмысы қалай жүріп жатыр

Сәуір айындағы қыс: Астанада қар мен көктайғақтың салдарын жою жұмысы қалай жүріп жатыр

Биылғы жыл елордалық коммуналдық қызметкерлердің тоқтаусыз жұмыс істеуімен есте қалды. Олардың күшейтілген жұмыс кестесі сәуір айының ортасында аяқасты қар жаууына байланысты бәсеңдемеді. Олар табиғаттың тылсым әрекетіне қарамастан таңертеңнен кешке дейін қала көшелері мен жолдарының қары мен мұзын тазартуын тоқтатпады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Күн сайын Астананы қардан тазартуға 2,3 мыңнан астам жол жұмысшы, бір жарым мыңға жуық арнайы техника шығады.
Бораннан кейін үйіліп қалған төмпешіктерді жинауға жеке көліктер де белгілі бір деңгейде кедергі келтіреді.

Әр кеш сайын қаладан 2,5 мыңға жуық жүк көлігіне тең қар шығарылады.

Ең алдымен, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды орындардың қары тазартылады. Мектептерге, балабақшаларға, ауруханаларға және басқа да әлеуметтік нысандарға апаратын алаңдар, тротуарлар мен жолдар да тазаланады.

Сәуір айында жауған жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі есе дерлік асып түсті.

Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде бір аптаға жуық жұмыс істейді. Қала тұрғындары олардың еңбегін бағалап, құрметпен қарағаны жөн.